Бүгін Ивета Григуле бастаған Еуропарламент делегациясы Қазақстандағы ресми сапары аясында «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайына ат басын тіреді. Жоғары мәртебелі қонақтар павильонның тақырыптық экспозицияларымен, сондай-ақ, ел экономикасының түрлі салаларын цифрландыруға арналған жобалармен танысты. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» нысандарын көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасы көрсетілді. Мәселен, қазір көрме аумағында Астана халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub», Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы, IT-университеті сияқты ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
Ивета Григуле, Еуропарламент депутаты:
- Өткен жылы «ЭКСПО» жұмыс істеп тұрғанда біз бір апта бойы Астанаға тоқтап, күнделікті көрмені араладық. Қазақстан павильонын жақсылап көріп, түсіну үшін бір күн жеткіліксіз. Әсіресе, жастар мен студенттер осындағы озық технологияларды көруі тиіс.
Елдос САПАРҒАЛИ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.