Депутаттар «Астаналық шыны қаптамалар компаниясы» зауытының өндіріс жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар «Астаналық шыны қаптамалар компаниясы» зауытының өндіріс жұмысымен танысты

29.03.2018

«Астаналық шыны қаптамалар компаниясы» алдағы бір-екі жылда өз өнімдерін экспорттауды жоспарлап отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары осы өндіріс орнына барып, зауыт жұмысымен танысты. Мұнда шынылар шетелден алынады. Бұл жерде оларды өңдейді, қажетті формасын дайындайды және жеке тұлғалардың жиһазға қажетті тапсырыстарын да орындайды. Компанияда 81 адам жұмыс істейді. Тәулігіне 3 мың шаршы метр, ал, жылына 600 мың шаршы метр өнім дайындайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 180 мың теңге. Зауыттың жылдық табысы соңғы екі жылда 2 млрд. теңгеден асқан. Әйнектерді жоғары технологияның көмегімен әдемілеп, сәндеп дайындап жатқандардың көбісі жас мамандар.

Сапар Ахметов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Қазақтың жас азаматтары жұмыс істеп жатыр. Германияда, Италияда оқып келіп, осы жерде керемет технологияларды үйреніп, игеріп жатыр. Ол тамаша жетістік деп ойлаймын.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу