Қазақстандық интернет-дүкендерді дамытуға қолайлы жағдай жасалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық интернет-дүкендерді дамытуға қолайлы жағдай жасалып жатыр

21.02.2018

Биылдан бастап бұл саладағы кәсіпкерлер салықтан да босатылды. Логистикалық жұмыстар да оңтайлы шешілуде. Енді шетелдік ірі компаниялармен бәсекелестік құруы үшін арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырыла бастады. Онда интернет сауданың қыр-сырын жетік меңгерген мамандар тәжірибелерімен бөлісті. Тұрғындар үшін қазақстандық интернет-дүкендердің қызметін пайдалану тиімдірек көрінеді. Біріншіден, тапсырыс берілген тауар тез жеткізіледі. Екіншіден, тапсырыс берген тауар келген соң оны көріп, ұнамаған жағдайда бас тартуға да болады. 

Асқарбек Алшанбаев, «Қазпошта» АҚ Е-сomмerce жөніндегі атқарушы директоры:

- Үшіншісі, ол төлем бойынша. Шетелдік интернет-дүкеннен сатып алатын болсаңыз, сіз ақшасын төлеп, сол жерге бірінші жібересіз. Ал, Қазақстанның интернет-дүкенінде тапсырыс келгеннен кейін төлеуіңізге болады. Ақшаны алдын ала жібермейсіз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу