Биыл жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 22 пайызға өскен
Қазақстандық жеңіл өнеркәсіп консорциумы жаңа 13 компаниямен толықты. Осылайша, аталмыш салада бірлесе жұмыс істейтін отандық компания саны 44-ке жетті. «Жасампаз» консорциумы 2016 жылы құрылған. Сол уақыттан бері ұйым негізінен әскерилердің киімдерін тігіп келеді. Соның арқасында 2016 жылы республикалық бюджетке 3,6 миллиард теңге салық төлеп, мемлекеттік қазынаны толықтырды.
Айта кетейік, биылдың өзінде елімізде жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 22 пайызға өскен. Сондай-ақ, соңғы 8 айда экспорт 43 пайызға артты.
Дана Жұмабаева, «KAZPLAST» ЖШС директоры:
- 70 пайызға өндірісті көтердік деп айта аламыз және де жұмысқа жаңа жұмысшылар ала басталық. Ол да қазақстандықтарды жұмыспен қамтуда үлкен жетістік деп айтуға болады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әрбір жетінші отбасында балаларға жеткілікті көңіл бөлінбейді
16.10.2025, 20:33

Екі ел атысты 48 сағатқа тоқтатуға келісті
16.10.2025, 20:28
Е.Бейсенбаев: 10 жылда әлеуметтік төлемдер 10 трлн теңгеге артады
16.10.2025, 20:25
Заңсыз қаржы айналымына қарсы халықаралық орталық құрылады
16.10.2025, 20:22
Тұрғындар: Республика күні – ата-бабамыз аңсаған күн
16.10.2025, 20:18
Блогерлердің лотерея өткізуі қылмыстық санатқа ауыстырылады
16.10.2025, 20:18
Құрық портында көлік-логистикалық орталық іске қосылды
16.10.2025, 20:17
«Қалбатау-Майқапшағай» тас жолы ашылды
16.10.2025, 20:15