Мәжіліс Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге бағытталған заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге бағытталған заң жобасын мақұлдады

20.12.2017

Қазіргі таңда 41 мемлекетпен автомобиль байланысын жандандыру жөніндегі келісім бекітіліпті. Енді Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы жүк тасымалының автокөлік тасымалын заңмен реттеуге бағытталған құжат әзірленіп отыр. Жалпы, былтыр бұл елмен автокөлікпен жүк тасымалдау 16 пайызға артып, 6,2 мың тоннаға жетті. Осы заңда автотасымалдау түрлері мен рұқсат формаларын алмастыру квоталарын белгілеу тәртібі реттелген. Бұл келісімнің жүзеге асырылуы екі ел арасындағы автокөлік тасымалын одан ары дамытуға және Қазақстан мен Әзірбайжанның сауда-экономикалық ынтымақтастығына ықпал етеді, бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

Шаймардан Нұрымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде автомобиль жолдарын ақылы ету көзделуде. Әзірбайжан мен Қазақстан арасында қанша ақылы жол бар? Сондай-ақ, онда жүру құны қанша болады?

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Бір жол бар. Ол Бакуден Иранға баратын жол. 230-240 шақырым. Ол жерде бір шақырымға 1 цент төлейсіз. Біздің ақшамен 33 теңге.

Сондай-ақ, бүгін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Үндістан арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарады. Осы заң аясында енді үндістандық кәсіпкерлер салықтан бас тарта алмайды. Екі ел арасындағы тауар айналымы соңғы 10 жылда 5 млрд. долларға жеткен. Қазақстан мен Ирландия арасындағы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы да мақұлданды.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу