Алматыда 100-ге жуық ғимарат ыстық су мен жылуcыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 100-ге жуық ғимарат ыстық су мен жылуcыз қалды

24.11.2017

Олардың ішінде екі мектеп пен екі балабақша бар. Сондай-ақ, 50-ге жуық тұрғын үйдің ауласын ыстық су басып кетті. Жарылыстың басты себебі,  «Құбырлардың әбден ескіруі», - дейді мамандар. Олардың айтуынша, 1990 жылы салынған желінің жұмыс істеу мерзімі 25 жыл. Бірақ, биыл 27 жылдан асып барады. Абырой болғанда, апаттан зардап шеккендер жоқ. Бірақ, айтарлықтай шығын келтірілген болуы мүмкін. Оның өтемін заңға сәйкес, Алматы жылу желісі мекемесі өз құзырларына алатындығын жеткізді.

Ян Гирин, «Алматы жылу» мекемесінің ресми өкілі:

- Бұл аймақтағы жылу желілерін жаңарту жұмыстары келесі жылға жоспарланған. Өйткені, Алматыдағы құбырлардың 62 пайызы осындай қиын жағдайда. Сондықтан, барлық магистральды бір жылда ауыстыру мүмкін емес. Әр аймаққа белгіленген жоспар бар.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу