Шымкент аумағындағы су тасу қаупі бар аймақтар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент аумағындағы су тасу қаупі бар аймақтар анықталды

26.01.2023

Шымкент аумағындағы өзен жағалауларының 22 шақырым жерінде су тасу қауіпі бар. Бұл аумақта 21 ғимарат орналасқан. Сондай-ақ, 100-ге жуық адам өмір сүреді. Бұл жәйт Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының Тоғыс, Текесу, Ақжар су қоймасы мен 4 ірі өзен бойын әуеден шолу кезінде анықталды. Сондай-ақ тағы бірнеше тұрғын алабта су тасу ықтымалдығы жоғары екені белгілі болды. Қауіптің алдын алу үшін құзырлы мекемелерге су арналарын қоқыстан тазарту және мұзды жаруы ісі жүктелді. Әсіресе Бадам өзенінің жағалауын бекітуге баса назар аударылды.

Ирисмат Махмудов, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы:

«Жол картасы» бойынша 9 шақырымға жағалауды нығайту және арналарды түзету жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезең кезеңімен жоспарға қойылған.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу