Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келтіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келтіріліп жатыр

07.12.2021

Алматыда жылу құбыры жарылып, Рысқұлов көшесі батыс бағытқа қарай жабылды. Себебі ыстық бу жүргізушілерге жолда жүруіне қиындық туғызған. Қазір апат болған жерде «Алматы жылу жүйесі» мекемесінің бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Мекеме өкілдерінің хабарлауынша, апат болған аумақта ыстық су желіден ажыратылды. Ақауды кешкі сағат 22:00-ге дейін қалпына келтіру жоспарланған. Даңғылдың бір жолағы 17:00-ге дейін ашылуы мүмкін. Кейбір нысандар қосымша жылу беру құбырына қосылған. Зардап шеккендер жоқ.


Алматы жылу құбыры

Хабарламаларға жазылу