Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 30 мың құтқарушы күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Ерасыл Сайпаш Республикалық штабта айтты. Соңғы деректерге сәйкес құтқару шараларына 3000 техника , 500-ге жуық су сору мен жүзу құралдары, 16 әуе кемесі жұмылдырылды. Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында 3500-ге жуық жеке тұрғын үй, 500-ге жуық ауыл аумағы 1700-ден аса саяжай мен 55 әртүрлі ғимарат су астында қалған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 30 мың құтқарушы жұмыс істеп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/192145/)