Қызылорда облысы бойынша алимент өндіруге қатысты 8333 іс тіркелген
Осы уақытқа дейін оның 2,5 мыңы ғана орындалды. Ал, қалғанын өндіру қиын болып тұр. Себебі, өз баласынан бас тартқан безбүйрек әкелер жауапкершіліктен жалтарып, алимент төлеуге құлықсыз. Бұл сот орындаушыларға үлкен қиындық туғызады. Осындай ауыр еңбектері ескеріліп, биыл қараша айынан бастап жеке сот орындаушылардың алимент санатында атқарған істері үшін алатын қызмет ақысы көтерілді. Енді соған сәйкес, қызмет сапасы артып, көрсеткіш еселенбек.
Жандос Әбсат, облыстық Әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:
- Бұл Әділет министрлігі тарапынан, мемлекет тарапынан жеке сот орындаушыларды қолдау деп білеміз.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39

Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24
Аргентинада мыңдаған адам бюджетті қысқартуға қарсы шықты
18.09.2025, 17:21
Францияда қатаң үнемдеу саясатына қарсы жалпыұлттық ереуіл басталды
18.09.2025, 17:18
Қостанайлық азамат 1941 жылғы қаруды тапсырды
18.09.2025, 17:15