Басты Жаңалықтар Аргентинада мыңдаған адам бюджетті қысқартуға қарсы шықты

Аргентинада мыңдаған адам бюджетті қысқартуға қарсы шықты

Аргентина астанасы Буэнос-Айрес көшелеріне де мыңдаған адам шеруге шықты. Олар оңшыл бағыттағы президент Хавьер Милейдің денсаулық сақтау және білім салаларына шығындарды қысқартуына наразы. Мемлекет басшысы аталған екі саланы қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған заң жобаларына вето жариялады. Қатаң үнемдеу шаралары халықтың сынына ұшырап отыр. Университет студенттері мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлері ұйымдастырған наразылық акциясы кәсіподақтар мен оппозициялық партиялардың қолдауына ие болған. 


Бөлісу