Басты Жаңалықтар Қостанайлық азамат 1941 жылғы қаруды тапсырды

Қостанайлық азамат 1941 жылғы қаруды тапсырды

Қостанай қаласының тұрғыны екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған Шпагин пистолет-пулеметін полицияға тапсырды. Сирек кездесетін әскери қару 1941 жылы шығарылған. Жалпы облыста биыл тіркелмеген қаруды сатып алу акциясы аясында 24 атыс құралы тапсырылды. Ал осы сынды тарихи мәнге ие әскери экспонаттар мұражайға тапсыралады.

Галина Демирова, қалалық азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің инспекторы:

2008 жылдан бері елімізде жыл сайын тіркелмеген қаруды тапсыру акциясы өтеді. Тұрғындарға ол үшін сыйақы беріледі. Бұл қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған шара. Биыл 22 азамат акцияға қатысты.


Бөлісу