СҚО-да «Egov» порталын қолдануды оқушылар мектеп қабырғасынан үйренеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да «Egov» порталын қолдануды оқушылар мектеп қабырғасынан үйренеді

01.11.2017

Солтүстік Қазақстан облысының білім ордаларында информатика пәндерінің мұғалімдеріне осындай міндет жүктеліп отыр. Білім басқармасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және Халыққа қызмет көрсету орталығы үш жақты меморандумға қол қойып, облыс бойынша 513 ұстазды «Egov» порталы бойынша оқытып жатыр.  Енді оқу жылының 2-ші тоқсанынан бастап оқушылар информатика сабағында 15-20 минуттан электрондық үкіметпен таныспақ.

Бүгінде «Egov» электрондық үкіметі порталы арқылы 400-ден астам мемлекеттік қызмет түрін алуға болады..

Мейрам Бектеміров, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі:

 - Қазір барлық адамдар интернетте және түрлі құрылғыларда отырады. Қазіргі балалар ғаламтормен жұмыс істей алады. Сондықтан, біз бос уақытта балаларға түсіндіреміз және мұғалімдерге де порталмен жұмыс істеуді үйретеміз.

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу