Көлсай көлдері қорығының ұжымы «Саябақтар шеруін» өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлсай көлдері қорығының ұжымы «Саябақтар шеруін» өткізді

23.05.2018

Көлсай көлдері туристік аймағы Алматы облысы Кеген ауданындағы бірнеше елді мекеннің әлеуметтік әлеуетін көтеруге септігін тигізіп отыр. Өйткені, туристік аймақтағы қызмет көрсету саласымен тек жергілікті тұрғындар айналысады. Ал, оларға табиғатты аялауды мектеп қабырғасынан үйретсе, есейгенде туған жердің әрбір тасы мен қарағайын құрметтейтін болады. Сондықтан, жергілікті жұрттың табиғатқа деген сенімін ояту үшін Көлсай көлдері қорығының ұжымы биыл да дәстүрлі «Саябақтар шеруін» өткізді. Мұнда меткеп оқушылары өңірдің көркем табиғатын сақтаудың ғылыми жолдарын үйренеді. Мамандар «Көшпенділер ұстанымымен үндескен шараның қатысушылары жыл сайын көбейіп келеді», - дейді. 

Әміржан Малыбеков, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры:

- «Саябақтар шеруін» өткізуге 8 мектептен оқушылар келді. Осы табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетеді. Сол жұмыстарын бағалап, оларға марапат табыстаймыз. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу