Қызылордада №264 мектепте заманауи обсерватория кабинеті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада №264 мектепте заманауи обсерватория кабинеті ашылды

18.03.2022

Қызылордалық оқушыларға аспан денелерін зерттеп, жұлдыздармен жақынырақ танысуына мүмкіндік туды. Балалар жылына орай қаладағы №264 мектептің қабырғасынан заманауи обсерваториялық құрылғымен жабдықталған кабинет ашылды.

Былтыр аймақта үздік атанған білім ошағы облыс әкімі тағайындаған 34 миллион теңгенің сертификатын иеленген. Міне, сол қаржыға тиісті құрылғылар алынып, оның игілігін оқушылар көруде. Енді балалар астрономия ілімін тереңінен меңгеріп, ғылымға деген зейінін аша түседі. Сондай-ақ, шығармашылыққа жақын шәкірттер үшін шағын киностудия құрылды. Онда талапты оқушылар тележурналистикаға бейімделіп, киномотографияның да алғы негіздерін үйренеді.

Рахат Асанов, оқушы:

Астрономиялық объектілер, яғни ғаламшардағы жұлдыздар, астероидтар, кометаларды осы телескоп арқылы біз көре аламыз. Ол электронды жаңадан жасалынған электронды телескоп болып табылады. Қызылорда бойынша, екі түрі ғана бар. Біреуі Байқоңыр қаласында, екіншісі осы мектепте.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу