Алматыда дәстүрлі «Алтын жүрек» сыйлығы табысталды. Биыл да 11 номинация бойынша қайырымды жандар марапатталды. Оған жыл бойы көпшілікке қамқорлық жасап, мейірбандылық танытқан Атымтай жомарт азаматтар қатысты. Жүрегі жақсылыққа толы жандардың қатарында жетім балаларға көрсеткен көмегі үшін, Екібастұз қаласының тумасы Екатерина Яценко, Алматы облысының тұрғыны Темірлан Шайнүсіпов - «Жыл қайырымды адамы», Алматыдан Сергей Спицын - «Жыл меценаты» атанса, Майра Абдрахманова «Ақпараттық қолдаушы» сыйлығына ие болды.
Гүлзат Сахова, «Алтын жүрек» сыйлығының бас үйлестірушісі:
- Бізге қатысушы номинанттардың әрқайсының орны бөлек. Олардың айналысқан істерінің өзі ауыз толтырып айтарлық. Мысалға, мүгедек жандарға көрсеткен көмегі үшін деген номинация бойынша біз Орал қаласынан келген, яғни, лауреат атанған Біржан Қожақов деген азаматты атап өтуімізге болады.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ