Қарағандыда мерекелік шаралар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда мерекелік шаралар өтті

30.08.2019

Конституция күнін қарағандылықтар да өзіндік сән-салтанатымен атап өтті. Қаладағы орталық саябақта салтанатты шара болып, қоғамдық және қайырымдылық істерге белсене араласып жүрген 5 азаматқа «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды. Содан соң өнер ұжымдары театрланырылған көріністерге толы  концерт қойды. Бұған қоса әуесқой әншілер арасында байқау өткізіліп, мықтылар анықталды. Конкурс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.

Серік Санаубаев, Облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры:

Үлкен мейрам. Тәуелсіз еліміздің Конституция күні. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері осы мейрамды атап өтеді. Барлығының көңіл-күйлері жақсы. Осындай жақсы көңіл-күймен еліміз алға баса берсін.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу