Лос-Анджелесте «Алтын глобус» сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лос-Анджелесте «Алтын глобус» сыйлығы табысталды

12.01.2015
Лос-Анджелесте «Алтын глобус» сыйлығы табысталды

Лос-Анджелесте «Алтын глобус» сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ТАСС.

«Үздік телевизиялық шағын сериал немесе фильм» аталымында «Фарго» (Fargo) туындысы «Алтын глобусқа» ие болды. Телевизиялық шағын сериал немесе фильмнің үздік актері болып Мартин Фриман («Фарго») аталды.

Голливуд жанында аккредиттелген шетелдік тілшілер қауымдастығының сыйлығы - «Алтын глобусты» «Балдәурен» (Boyhood) лентасындағы жұмысы үшін  Ричард Линклейтер «Үздік режиссер» аталымында алды.

Алехандро Гонсалес Иньярриту, Армандо Бо, Николас Джиакобоне және Александр Динеларис «Бердмэн» (Birdman) лентасындағы жұмысы үшін «Үздік сценарий» аталымында үздік деп танылды.

Телевизиялық комедияның үздік актері болып «Айқындылық» (Transparent) телехикаясындағы рөлі үшін Джеффри Тэмбор марапатталды.

Уэс Андерсонның «Гранд Будапешт отелі» фильмі шетелдік тілшілер қауымдастығының сыйлығы - «Алтын глобусты» «Үздік фильм - комедия немесе мюзикл» аталымында алды.

Актер Джонатан Кимбл Симмонс Голливуд жанында аккредиттелген шетелдік журналистер қауымдастығының «Алтын глобус» сыйлығын иеленген бірінші адам болды. Ол «Сезім кернеуі» (Whiplash) драмалық фильміндегі екінші пландағы үздік актер болып танылды.

Сериалдағы екінші пландағы үздік актриса болып Джоан Фроггатт («Даунтон» аббаттығы», Downton Abbey) танылды.

«Көңілдестер» (The Affairs) сериалы «Үздік телевизиялық драма» аталымына лайық деп танылды.

«Драмалық сериалдың үздік актері» болып Кевин Спейси аталды («Картадан құрастырылған үй» (House of Cards) фильмі).

Телевизиялық шағын сериал немесе фильмнің үздік актрисасы «Ибалы әйел» (The Honourable Women) сериалында ойнаған Мэгги Джилленхол алды.

Актриса Эми Адамс «Комедия немесе мюзиклдағы үздік актриса» аталымында жеңіске жетті («Қарақат көздер» (Big Eyes)).

Майкл Китон сыйлықты «Комедия немесе мюзиклдағы үздік актер» аталымы бойынша иеленді.

Айта кетейік, 72-ші «Алтын глобус» сыйлығын табыстау рәсімі Лос-Анджелестегі «Беверли Хилтон» қонақүйінде өтті.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу