Жол апатынан тұтас бір отбасы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол апатынан тұтас бір отбасы қаза тапты

13.10.2017

Түнде «Атырау-Индер» тасжолының  «Жұлдыз 3» ықшам ауданы тұсында жан түршігерлік жол апатынан 5 адам қайтыс болды. Тағы бір адам түрлі дене жарақаттарын алған. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердің саутамтығы қалмаған. Тұтас бір отбасы мүшелері Гелендваген көлігінде келе жатқан. Ал,  МАЗ автокөлігінің жүргізушісі дереу ауруханаға жеткізілген. Белгілі болғандай, МАЗ көлігі көршілес Батыс Қазақстан облысынан Атырауға жүк апарған. Жүгін түсіріп, келесі күні кері қайтып бара жатқан. Қазір осы жол апатына қай автокөлік жүргізушісі кінәлі екендігі анықталуда. 

Назымгүл Қайсағалиева,  ІІД баспасөз хатшысы:

Жеңіл автокөлікті басқарып келе жатқан 1988 жылғы жүргізуші және оның жолаушылары оқиға орнында мерт болды. Бұл іске қатысты ҚР ҚК 345 бабының 4 бөлігі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Индира МЕРЕКЕН

 

Хабарламаларға жазылу