Басты Жаңалықтар Тау-кен құтқарушылары жылына 250 мәрте қауіпті аймақтарға аттанады

Тау-кен құтқарушылары жылына 250 мәрте қауіпті аймақтарға аттанады

Тау-кен құтқарушыларының біліктілігі сыналады. Бұл туралы бүгін Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің өкілдері хабарлады. Жыл сайын қауіпті өндірістік объектілерде өтетін оқу-жаттығу жарыстары биыл 21-тамыз бен 30-қыркүйек аралығында Қарағанды және Атырау қалаларында өтеді. Оған елдің осы саладағы барлық құтқарушылары қатыспақ. Мақсат айқын: кез келген төтенше жағдайда жедел қимылдайтын топтың біліктілігін шыңдау. Сынақ оңай емес. Жарысқа қатысушылар шахтаға түсіп, газдалған ортада құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, тәулік бойы құрал-жабдығын сайлап, сақадай-сай жүретін мамандар жылына 250 мәрте қауіпті аймақтарға аттанады.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Бөлісу