Енді айдынды Алакөлге асыққан халық Астанадан және Талдықорған қаласынан ұшақпен қатынай алады. Осылайша, араға 25 жыл салып, ауданның азаматтық авиациясы жанданды. Әуежай құрылысына облыс бюджетінен 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Тасымалдаушы компания аптасына 4 рет Астана-Үшарал-Астана және аптасына үш рет Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағытында рейстер бекітпек. Республикалық және жергілікті бюджеттен 177 млн. теңге субсидия бөлініп, билет бағасы тұрғындарға қолайлы етілді. Жаңа әуе рейсі өңірдегі туризм саласын дамытуға айтарлықтай үлесін қоспақ.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ