Қазақстандықтар Алакөлге ұшақпен қатынайтын болады

22.03.2017

Биылғы жазғы демалыс маусымында қазақстандықтар айдынды Алакөлге ұшақпен қатынайтын болады. Қазіргі таңда Үшарал қаласында әуежай құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Оған облыс қазынасынан 800 млн. теңгеден астам қаржы қарастырылған. Алакөл ауданының орталығына әуе кемелері Астана, Алматы және Талдықорған қалаларынан қатынайтын болады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу