Үшарал қаласында әуежай құрылысы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үшарал қаласында әуежай құрылысы басталады

17.02.2016
Үшарал қаласында әуежай құрылысы басталады

Осы мақсатқа 1 млрд. теңге қаражат бөлінді, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Талдықорған қаласының І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде өткен Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың облыс халқымен өткізген есептік кездесуі барысында белгі болды.

Өңір басшысының есебінен белгілі болғанындай Алакөл бойындағы демалыс орындарына электр желілерін тарту жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 23,8 шақырым болатын автомобиль жолын қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жылы бітеді.

Туристерге сапалы қызмет көрсету мақсатында Ақши ауылынан соңғы үлгідегі медициналық жабдықтар орнатылған және реанимобилі бар жаңа дәрігерлік амбулатория салынатын болады. Одан бөлек үш заманауи үлгідегі қонақжай кешендері іске асырылмақ. Олар: «AQUAMARINE resort», «Falcon Petroleum», ЖК «Каримов».

 

Хабарламаларға жазылу