Елбасы Түркістанның туристік әлеуетімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Түркістанның туристік әлеуетімен танысты

28.09.2020

Елімізде тағы бір халықаралық әуежай ашылды. Ол - киелі Түркістан қаласында. Жаңа мәртебе алғалы көне шаһарда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаға арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Шаһар іргесінен салынған халықаралық әуежай жылына 3 млн-ға дейін жолаушы қабылдауға қауқарлы. Бастапқыда Нұр-Сұлтан, Алматы, Стамбұл бағыттары ашылса, кейін әлемнің көп елінен турист тікелей келе алады. 

Бұдан соң Елбасы құрылысы аяқталған нысандарды аралады. Жаңа ғимараттардың бірі – «Түркістан-Арена». Заманауи мекеме 7000 мың орынға шақталған. Конгресс холдың да құрылысы аяқталды. Қаланы дамытуға барлық өңірлер мен ірі компаниялар қатысып жатыр. Мәселен, көпфункционалды концерт залы - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының тартуы. Тұңғыш Президент шежірелі шаһарды одан әрі дамыту жоспарларымен де танысып жатыр. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу