Жетісу облысында 6 жасар бала трактордың астына түсіп қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 6 жасар бала трактордың астына түсіп қайтыс болды

26.07.2022

Жетісу облысының Үшарал қаласында 6 жасар бала трактор тіркемесіндегі доңғалақтың астына түсіп қайтыс болды. Бала тұратын үйге трактор жүргізушісі шөп жеткізген. Үлкендер шөп түсіріп жатқанда бала тіркеменің астына кіріп кеткен. Қазір «Абайсызда адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу