Марат Сәрсембаев: Сенат депутаттарын сайлаушылардың келуі 98,3 пайыз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Сәрсембаев: Сенат депутаттарын сайлаушылардың келуі 98,3 пайыз болды

28.06.2017

Сенат депутаттарын сайлаушылардың келуі 98,3 пайыз болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлімдеді. «Қазақстанның барлық аймақтарында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де сайлаушыларды тіркеу аяқталды. Барлық аймақтарда қажетті кворум бар. Сайлау туралы Конституциялық заңның 77-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес, егер сайлайтын депутаттардың 50 пайыздан  астамы қатысқан жағдайда сайлаушылардың жиналысы құқықты болады. Қазіргі уақытта Қазақстанның  барлық 16 өңірінде сайлаушылардың жиналысы басталды», - деді Марат Сәрсембаев. 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ      

Хабарламаларға жазылу