Түркияда президенттік сайлау нәтижесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда президенттік сайлау нәтижесі жарияланды

20.05.2023

Түркияда өткен президенттік сайлаудың бірінші кезеңінің ресми нәтижесі жария етілді. Елдің Жоғарғы сайлау комиссиясының хабарлауынша, Режеп Тайып Ердоған 49,24 пайыз дауыс жинаған. Ал оппозиция лидері Кемаль Кылычдароғлыға сайлаушылардың 45,07 пайызы дауыс берді. 1 млн 20 мыңдай дауыс жарамсыз деп танылған. Мемлекет басшысын таңдауға халықтың 88,92 пайызы қатысқан. Бұл елде президенттік сайлау мамырдың 14-де болды. Кандидаттар қажетті дауыс жинамағандықтан, екінші кезең өтеді. Ол келесі жексенбіге белгіленген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу