ОСК: Сағат 16-00-ге дейін еліміздегі сайлаушылардың 71,78 пайызы дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК: Сағат 16-00-ге дейін еліміздегі сайлаушылардың 71,78 пайызы дауыс берді

20.03.2016
ОСК: Сағат 16-00-ге дейін еліміздегі сайлаушылардың 71,78 пайызы дауыс берді

Баспасөз мәліметтеріне сүйенетін болсақ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 16-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 71,78 пайызы  сайлау бюллетеньдерін алды.

Атап айтқанда, Алматы облысы сайлаушыларының 89,88 пайызы, Ақмола облысы сайлаушыларының 76,11 пайызы,   

Ақтөбе облысынан 72,17 пайыз, Атырау облысынан 80,41 пайыз, Батыс Қазақстан облысынан 68,52 пайыз, Жамбыл облысынан 76,28 пайыз, Қарағанды облысынан 70,91 пайыз, Қостанай облысынан 78,23 пайыз, Қызылорда облысынан  77,53 пайыз сайлаушылар дауыс берді.

Сондай-ақ Маңғыстау облысысайлаушыларының 69,06 пайызы, Оңтүстік Қазақстан облысының 80,92 пайызы,

Павлодар облысының 68,76 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысының 76,41 пайызы, Шығыс Қазақстан облысының 77,13 пайызы дауыс берді. Ал, Астана мен қаласынан сайлаушылардың 69,83 пайызы, Алматы қаласы сайлаушыларының 29,12 пайызы өзтаңдауларын жасады. 

«Дауыс беру барлығы 9 мың 840 сайлау учаскесінде өткізілуде»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.  

Хабарламаларға жазылу