Лукашенко Президент сайлауында өзінің басты қарсыласынан 20 есе артық дауыс жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лукашенко Президент сайлауында өзінің басты қарсыласынан 20 есе артық дауыс жинады

12.10.2015
Лукашенко Президент сайлауында өзінің басты қарсыласынан 20 есе артық дауыс жинады

Іс басындағы Мемлекет басшысы сайлаушылардың 83,9 пайыз даусын жинады, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина.

Бұл туралы дүйсенбі күні ТАСС хабарлады.

Екінші орынға «барлығына да қарсымын» деген белігіні таңдағандар ең көп дауыс жинаған. Минскіде барлық кандидаттарға қарсы дауыс бергендер саны сайлаушылардың  20,6 пайызын құрапты.

Лукашенконың қарсыластарының арасында ең көп дауыс жинаған «Шындықты айт» азаматтық науқанының өкілі Татьяна Короткеевич болды. Оған сайлаушылардың 4,42 пайызы дауыс берді.

Либералды-демократиялық партия төрағасы Сергей Гайдукке сайлаушылардың 3,32 пайызы дауыс берген. Ал Беларусь патриоттық партиясының төрағасы Николай Улахович 1,67 пайыз дауыс жинады.  

Орталық сайлау комиссиясының нақтыланған деректері бойынша, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі 87,2 пайыз болды.

«Сайлаудың соңғы қорытындылары жұма күні жарияланады»,-деді Ермошина.

Өйткені, Президент сайлауында шет мемлекеттерден дауыс берушілердің дауыстары толық есепке алынбаған.  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу