Басты Жаңалықтар Қазақстандық «Электрондық үкімет» кореялық үлгіде дамиды

Қазақстандық «Электрондық үкімет» кореялық үлгіде дамиды

Қазақстан «Электрондық үкіметті» Корея үлгісінде дамытпақ. Бүгін Қазақстан мен Корея осы бағытта өзара ынтымақты тереңдететін хаттамаға қол қойды. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Кореяның тәжірибесін үлгі ету - бізге үлкен құрмет. Себебі, «Жаһандық электрондық Үкіметі» аталымы бойынша Корея - әлем елдерінде көшбасшы.  Оның үстіне 4-технологиялық төңкеріс қарсаңындағы екі мемлекеттің де  бағыты – бір, ұстанымы – ұқсас. Мақсат та айқын: «Электрондық үкімет» саласында сервис бен қызмет көрсетудің қолжетімділігі, оның азаматтар үшін ашық әрі сапалы болуын қамтамасыз ету. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Бөлісу