Таңдаулы компанияларға кедендік кедергілер жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңдаулы компанияларға кедендік кедергілер жойылады

06.03.2017
Қазақстан бойынша алтыншы компания өкілетті экономикалық оператор лауазымына ие болды. Арнайы сертификат Мемлекеттік кірістер комитетінде табысталды. Мемлекет тарапынан сенімге ие болған компания кеденнен кедергісіз өтуге мүмкіндік алады.

Яғни, тауардың жеткізілу мерзімі әжептәуір қысқарады. Соңғы тұтынушыға жеткендегі баға да біршама арзандайды. Сонымен қатар, Қазақстанды батыс Қытай мен шығыс Еуропаның арасын жалғайтын логистикалық көпір ретінде танытуға да мүмкіндік молаяды дейді, - мамандар.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу