Басты Жаңалықтар Ақтауда «Мейірімді түркі әлемі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Ақтауда «Мейірімді түркі әлемі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Ақтауда түркі елдері балаларының шығармашылық фестивалі өтуде.

 «Мейірімді түркі әлемі» деп аталатын халықаралық шара «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында алғаш рет ұйымдастырылған. Оған Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан денсаулығында ақауы бар 5 жастан 25 жасқа дейінгі балалар мен жастар қатысуда. 50-ден астам өнерлі өрен ән айтып, би билеп, өлең оқып, түрлі музыкалық аспапта ойнап, көрерменнің көзайымына айналды.

Севил Мамедова, Әзербайжандық биші:

Ақтауға алғаш келуім. ТҮРКСОЙ ұйымынан шақыру алып, ойланбастан жетекшім екеуміз жолға шықтық. Фестивальде ұлттық биімізді тарту етемін. Осындай шаралар ерекше қажеттілігі бар балаларды бақытты етеді.

Қарлығаш Әлмұхамбетова, шараны ұйымдастырушы:

Бүкіл қатысушылар бұл ерекше қажеттілігі бар жастар мен балалар және мүгедектігі бар балалар. Негізі, қоғамда біздің балаларды мүмкіндігі шектеулі балалар деп атайды. Бірақ мен сондай сөздерге өте қарсымын. Біздің балаларымызда ешқандай шектеу жоқ. Біздің балалардың шығармашылығы шектеусіз, олар ән айтады, билейді, көркем сөз оқиды.  

 

Бөлісу