Басты Жаңалықтар Жолдау реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді

Жолдау реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді

Жолдау реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бағдарламада айқындалған бағыттар ел экономикасына оң әсерін тигізеді дейді шетелдік сарапшылар. Мәселен, цифрландырудың арқасында елімізде соңғы 5 жылда қолма-қол ақшасыз төлемдердің өскені байқалады, финтех-стартаптар 4 есе артқан, қаржы ұйымдарының 30% - дан астамы жасанды интеллектіні енгізуде.

Наталья Волчкова, бүкілресейлік Сыртқы сауда академиясының проректоры:

Қазақстанның әлеуметтік дамуы жақсы нәтиже көрсетуде. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан экономикасы 6.2 пайызға өсті. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикасы тек 1.8 пайызға артты. Яғни Қазақстанда жүйелі реформалар қолға алынған және олар сәтті жүзеге асуда. Жолдау бұл реформаларды әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.
 

Бөлісу