АҚШ БҰҰ-ның Газадағы соғысты тоқтату туралы қарарына вето жариялады
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы соғысты дереу тоқтату, кепілдегілерді босату туралы резолюция жобасына вето жариялады. Бұл құжатта палестиналық анклавқа гуманитарлық көмек жеткізуге шектеуді алып тастау да қарастырылған еді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің АҚШ-тан басқа 14 мүшесі қарар жобасын қолдап, дауыс берген. Вашингтон құжатта «Хамас» тобына тиімді тұстары бар деп есептейді. АҚШ бұған дейін де Газа секторында атысты тоқтату туралы БҰҰ-ның бірнеше қарарына қарсы шықты.
Ал Женевада БҰҰ-ның жүздеген персоналы Газада гуманитарлық ұйымдар қызметкерлерінің өліміне қарсы шеруге шықты. Олар қолдарына «Газада бейбітшілік орнасын» деген ұрандар жазылған баннерлер ұстаған. 2023 жылы 7-қазанда соғыс басталғалы палестиналық анклавта 543 гуманитарлық қызметкер қаза тапқан. Олардың 370-тен астамы БҰҰ-да жұмыс істеген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
