Теміртаулық тұрғындар жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаулық тұрғындар жылусыз қалды

27.12.2016
Теміртаулық тұрғындар бүгін суық үйде ұйықтауға мәжбүр. Шаһарда жылу қазандықтарының бірі істен шықты. Тағы екеуі жөндеу жұмысына тоқтатылды.

Қазір үйдің ішіндегі ауа температурасы 15 градусты көрсетіп тұр. Ал, күн суытқан күндері 10 градусқа дейін төмендейді. Осы жағдайға байланысты Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бүгін жергілікті органнан мәселенің мән жайын түсіндіруді сұрады.


Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу