«Қазақстан» Ұлттық арнасы Жеңіс күні қарсаңында «Ер есімі-ел есінде!» атты акция бастады. Бұл шараның мақсаты Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге қатысты жиналған деректерді халықтың назарына ұсыну болып отыр.
Шара барысында майданда мерт болған немесе концлагерлерде көз жұмған қазақстандықтар туралы мәліметтер жарияланбақ. Соның ішінде, жауынгерлердің қаза болған жерлері, жерленген орындары, тұтқында болса, лагерлеь атауы көсертілген.
Бүгін назарларыңызға Германия жерінде мерт болған қазақстандықтар жөніндегі тізімді ұсынамыз. Мұндағы тізімді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі, Саксон мемориалдарының құжаттама орталығы бірлесіп ұсынған.
Егер тізімнен өз туыстарыңызды іздесеңіздер мына сілтеме арқылы тізімді көшіріп алуға болады. Бұл тізім 2010 жылы жарық көрген «Арманда кеткен боздақтар» естелік кітабынан алынып отыр. Сонымен қатар, бұл тізім жаңартылып отыратынын атап өткізіміз келеді.

Kaznews.kaztrk.kz