Елімізде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы жасалды

05.05.2023

Елімізде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы жасалды. «Ер есімі - ел есінде» жобасы соғыс ардагерлерін еске алу және Жеңіс күніне орай қолға алынған. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Qazcontent» жасақтаған база – соғысқа қатысқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің аттарын мәңгі есте сақтауға арналған электронды ресурс. Жобаның басты ерекшелігі – әрбір қолданушы деректер базасын толықтыруға қатыса алады. Ол үшін оқырман майдан даласына аттанғандар туралы деректерін batyrlargatagzym.el.kz сайтына жүктеуі немесе арнайы электронды поштаға жолдауы қажет. Ақпаратта аты-жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағы ерліктері туралы толық мәліметтерін көрсетіп, фотосуретін салуға болады. Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 237 ардагер ғана қалған. Оларға Жеңіс күнінің құрметіне ең кемі 1,5 млн теңгеден материалдық көмек беріледі.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу