Ер есімі – ел есінде

10.05.2014
Ер есімі – ел есінде
Ленинград өңіріндегі қазақ сарбаздары жерленген Пискарев бауырластар зиратының топырағы салынған капсула Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайына табысталды. Оны Ресейден облыстық «Жас туристер» станциясының қызметкері алып келіпті. Арнайы құтымен жеткізілген топырақ мұражайдағы мәңгілік алау маңына қойылды. Болашақ ұрпаққа бабалар ерлігін мәңгі дәріптейтін нышан болып саналмақ. Өйткені, Ленинград шайқасына қаншама қазақ әскері қатысып, олардың қаншасы опат болғаны туралы әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Тек сол ұрыста жерлестеріміздің табандылықпен ерлік танытқаны ғана кеңінен мәлім. Оның үстіне биыл Ленинградтың жаудан азат етілгеніне - 70 жыл. Осыған орай Ресейге сапар шегіп келген станция қызметкері басқа да құнды дүниелерге қол жеткізгенін айтады.
 
Сәуле Өмірбаева, облыстық «Жас туристер» станциясы директорының орынбасары:
Капсула керамикадан жасалған. Сыртында «Отан Ана» белгісі бар. Сонымен қатар, құнды әдебиеттер, видео материалдарымыз бар.
 
Айнұр АҚБАЕВА 

Хабарламаларға жазылу