Ұлттық арна алдағы Жеңіс мерекесіне орай «Ер есімі-ел есінде» атты шарасын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна алдағы Жеңіс мерекесіне орай «Ер есімі-ел есінде» атты шарасын бастады

09.04.2016
Ұлттық арна алдағы Жеңіс мерекесіне орай «Ер есімі-ел есінде» атты шарасын бастады
Онда майдан даласында мәңгі қалған жауынгерлер тізімі, зираты және тұтқында қаза тапқандар туралы тың мәліметтер келтіріледі.

Бүгін назарларыңызға Германия жерінде мерт болған қазақстандықтар жөніндегі тізімді ұсынамыз. Мұндағы тізімді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі, Саксон мемориалдарының құжаттама орталығы бірлесіп ұсынған.
Егер тізімнен өз туыстарыңызды іздесеңіздер мына сілтеме арқылы тізімді көшіріп алуға болады. Бұл тізім 2010 жылы жарық көрген «Арманда кеткен боздақтар» естелік кітабынан алынып отыр. Сонымен қатар, бұл тізім жаңартылып отыратынын атап өткізіміз келеді.

Азат РЫСТАНБЕК

Хабарламаларға жазылу