Алматыда Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді

10.10.2014
Алматыда Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді

10 қазан күні Алматыда Көрмелер залында мемлекет қайраткері, ғалым, педагог Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді. Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ұйымдастырып отыр.

Оған тарихшылар, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының кітапханашылары, жоғары оқу орындарының студенттері, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысады.

Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан С.Асфендияровтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ер есімі ел есінде» және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің кітапхана қорынан «Алаштың ардағы» атты көрме ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу