Жәнібек Әлімханұлы мен Сағадат Рахманқұлдың жекпе-жектері тікелей эфирде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы мен Сағадат Рахманқұлдың жекпе-жектері тікелей эфирде

02.11.2018
Жәнібек Әлімханұлы мен Сағадат Рахманқұлдың жекпе-жектері тікелей эфирде

4 қарашада АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы Don Haskins Convention Center аренасында мексикалық боксшылар Мигель Берчельт (34-1, 30 КО)  пен Мигель Роман (60-12, 47 КО)  арасында жекпе-жек өтеді. Осы кездесу аясында қазақ боксшылары Жәнібек Әлімханұлы мен Сағадат Рахманқұл шаршы алаңға шығады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы екіжақты келіссөздердің нәтижесінде болашағы зор қазақстандық кәсіпқой боксшылардың жекпе-жектерін тікелей көрсету туралы келісімге қол жеткізді.

Кеште Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) 32 жастағы америкалық Вон Александрмен (12-1, 8 КО) кездеседі. Сағадат Рахманқұлдың (3-0, 1 КО) қарсыласы пуэрторикалық Никлаус Флаз (5-1, 4 КО) болмақ.

Жәнібек Әлімханұлы - Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әуесқой бокста Әлем және Азия чемпионы болды. 2018 жылдың басында Жәнібек кәсіпқой боксқа ауысып, Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады. Бұл - жеңілмеген қазақстандық боксшының төртінші жекпе-жегі.

24 жастағы Сағадат Рахманқұл 2018 жылың 17 ақпанында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.  Әуесқой бокста 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанып, 2014 жылы күміс медаль алған болатын. 

Отандастарымыздың жекпе-жектері «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарында Астана уақытымен 4 қараша күні сағат 04:00-де басталады. 

Хабарламаларға жазылу