Алматылықтар жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары Бекарыс Садуақас пен Евгений Федоровты ерекше салтанатпен қарсы алды. Жеңімпаздарға құрмет көрсету үшін Алматы әуежайына тіпті, Кербұлақ ауданынан арнайы делегация келді. Олар ән-күйден шашу шашып, жеңімпаздарды зор қошеметпен күтіп алды.
Айта кетейік, Аргентинада өткен ІІІ Жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында дзюдодан Бекарыс Садуақас, ал, велоспорттан Евгений Федоров қоржынымызға алтын салған. 100 келіге дейінгі салмақта күресетін Бекарыстың бұл халықаралық жарыстардағы алғашқы жеңісі емес, әрі оның алға қойған жоспары да көп.
Бекарыс Сәдуақас, ІІІ Жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы:
- Өте қуаныштымын. Жарысқа дайындаған бапкерлеріме рахмет айтамын. Алдағы арманым – ересектер арасындағы Олимпиаданы ұту.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.