Чемпиондар лигасы. «Манчестер Сити» – «Монако» 5:3 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар лигасы. «Манчестер Сити» – «Монако» 5:3

22.02.2017
Футболдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі ағылшындық Манчестер Сити мен Францияның Монако ұжымы арасында өткен ойында ең нәтижелі есеп тіркелді. «Этихад» стадионында болған ойында есепті бірінші болып алаң иелері сапынан Рахим Стерлинг 26 минутта ашты.

Ал, 32 минутта Монако ойыншысы Радамель Фалькао есепті теңестірсе, 40 минутта Килиан Мбаппе есепті 1-2 қылып, Монаконы алға шығарды. Кездесудің екінші бөлігінде Манчестер Сити ойыншылары 4 гол соқса, қонақтар ұжымы тек 1 голмен жауап қайтарды.

Хабарламаларға жазылу