«Манчестер Сити» футболшылары Манчестерде шеру ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Манчестер Сити» футболшылары Манчестерде шеру ұйымдастырды

13.06.2023

Англияда ұлан-асыр той. Уефа Чемпиондар лигасында топ жарған «Манчестер Сити» футболшылары жанкүйерлермен қуанышын бөлісу үшін Манчестерде шеру ұйымдастырды. Ауқымды шараға жаңбыр мен дауылды ескерту де кедергі бола алмады. Мереке ең бірінші трамвайда басталды. Хосеп Гвардиола шәкірттері халықпен бірге жүріп, суретке түсті. «Манчестер Сити» осы маусымда өз тарихында бірінші рет требл жасады. Олар Премьер-Лига мен Англия кубогында да жеңімпаз болған еді. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу