УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Монако» өз алаңында «Манчестер Ситиге» қарсы қарымта кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Монако» өз алаңында «Манчестер Ситиге» қарсы қарымта кездесу өткізеді

15.03.2017
УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы  аясында «Монако» өз алаңында «Манчестер Ситиге» қарсы  қарымта кездесу өткізеді

Наурыздың 15-інен 16-ына өтетін түні УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы  аясында «Монако» өз алаңында «Манчестер Ситиге» қарсы  қарымта кездесу өткізеді. Монегасктер мен «қалалықтар» арасындағы ойынды  «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 01:30-да. 

«Этихад» стадионында өткен бірінші кездесуде Хосеп Гвардиола жаттықтыратын «Манчестер Сити» монаколық ұжымды 5:3 есебімен жеңген еді. Бұл ойында «Монако» сапынан Радамель Фалькао (2 гол) мен Килиан Мбаппе гол салып көзге түссе, «қалалықтар» Рахим Стерлинг, Серхио Агуэро (2 гол) , Джон Стоунз және Лерой Сане голдарымен жауап қайтарды.

Өз алаңында 3 гол жіберіп алғанымен,  2 гол айырмашылығы «Манчестер Сити» футболшыларына қарымта кездесуде үлкен артықшылық сыйлауда. 

Бұл артықшылықты Хосеп Гвардиола жаттықтыратын «Манчестер Сити» пайдалана ала ма? Әлде Леонарду Жардим шәкірттерінің көрермендерге дайындаған тосын сыйы бар ма?
Қарымта ойынның да қауіпті әрі қызықты сәттерге толы болатыны анық.
 

Хабарламаларға жазылу