«Вильярреал» хихондық «Спортингтен» басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Вильярреал» хихондық «Спортингтен» басым түсті

17.12.2016
«Вильярреал» хихондық «Спортингтен»  басым түсті

Бүгін, 17 желтоқсан күні Испания Примерасының 16-шы туры аясында хихондық «Спортинг»  өз алаңында «Вильярреалды» қабылдады. Ойын 1:3 есебімен қонақтар пайдасына аяқталды.

Бірінші тайм қызықты болып, «Вильярреал»  есепті ашып, оны еселей түсті. Алғашқы голды қорғаушылардың қарауынсыз Джонатан дос Сантос салды - 0:1.

Ойындағы екінші голдың авторы қорғаушылардың артынан сытылып шыққан  Никола Сансоне атанды -  0:2 .

Мачтың екінші жартысында да екі гол соғылды. Бірақ, осы жолы голдарды екі команда салды. Никола Сансоненің сол қанаттан келген пасын Алешандре Пато  еш қиындықсыз голға айналдырды  - 0:3.

Кездесудің соңғы минуттарында қорғаушының айып алаңынан шығарған добына басын тосқан Карлос Кармона командасының жалғыз голының авторы атанды - 1:3.

Естеріңізге сала кетейік, «Спортинг» -  «Вильярреал» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

 «Спортинг» - «Вильярреал» кездесуіне видеошолу

Хабарламаларға жазылу