«Атлетик» өз алаңында «Вильярреалды» 1:0 есебімен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атлетик» өз алаңында «Вильярреалды» 1:0 есебімен жеңді

21.11.2016
«Атлетик» өз алаңында «Вильярреалды» 1:0 есебімен жеңді

Футболдан Испания чемпионатының 12-ші туры аясында Бильбаоның «Атлетигі» «Вильярреал» футбол клубын қабылдап, қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Алаң иелері кездесудің алғашқы минуттарынан бастап қарсылас команда қақпасына гол салу жолдарын іздеді. Бірінші таймда бильбаолық команда допқа көп уақыт ие болды.

Екінші тайм қарқынды басталып, «Атлетик» ұдайы шабуылдаумен болды. Ал, «Вильярреал» ойыншылары допқа аз иелік етсе де, таймның ортасына дейін сауатты қорғана білді.

Бұрыштамадан көтерілген допты өз айып алаңынан шығарған «Вильярреал» қорғаушылары сол қапталдан ұмтылған Адуристі өткізіп алып, оның жойқын соққы жасауына мүмкіндік берді. Бірақ, «Вильярреал» қақпашысы «Атлетик» шабуылшысының соққысын қайтарғанымен, 67-ші минутта қараусыз қалған Рауль Гарсияның бос қақпаны дәл көздеуіне еш кедергі келтіре алмады.

Гол өткізіп алғаннан кейін «Сары субмарина» футболшылары есепті теңестіру мақсатында шабуылдарын үдете бастады. «Вильярреал»  ойыншылары бар күшін салғанымен, есеп өзгермеді.

«Атлетик» - «Вильярреал» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

Хабарламаларға жазылу