Қарағанды облысында шара қолданбаған полицейлерге қатысты тергеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында шара қолданбаған полицейлерге қатысты тергеу басталды

29.04.2024

Қарағандылық тұрғын өзінің бұрынғы әйелін кәмелетке толмаған балаларының көзінше өлтірді деген күдікке ілінді. Ең сорақысы адам өліміне дейін анасына алаңдаған бала полиция шақырған. Бірақ, тәртіп сақшылары тек ескерту жасап, ер адамды сол үйде қалдырып кеткен. Олардың 10 жыл бұрын ажырасқаны анықталды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалып, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Одан бөлек еш шара қолданбаған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу де басталды. Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмағұлов полицейлерге қатысты қатаң шара қолданылатынын айтты.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу