Бүгін «Kazsport» телеарнасы «Спортинг» -  «Вильярреал» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Kazsport» телеарнасы «Спортинг» -  «Вильярреал» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

17.12.2016
Бүгін «Kazsport» телеарнасы «Спортинг» -  «Вильярреал» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін, 17 желтоқсан күні Испания Примерасының 16-шы туры аясында хихондық «Спортинг»  өз алаңында «Вильярреалды» қабылдайды. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хихондықтардың бұл маусымдағы өнер көрсетуінде тұрақтылық жоқ. Команданың Примера деңгейіне сай емес екені айқын көрінуде. Олар 15 турдан кейін тек 12 ұпайға ғана ие болып, чемпионаттағы соңғы бес кездесуде 4 рет жеңіліп, 1 рет ұтқан.

Ал, «Вильярреал»  осы маусымда сәтті өнер көрсетуде. Тіпті, команда Чемпиондар лигасына жолдама беретін 4-орынға талас жүргізуде. Өткен турда  Франсиско Эскриба шәкірттері Диего Симеоне жаттықтыратын мадридтік «Атлетиконы»  3:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

«Спортинг Хихон» мен  «Вильярреал» арасындағы соңғы ойын хихондықтардың алаңында өтіп, ойын 2:0 есебімен «Спортингтің»  пайдасына аяқталған.

Естеріңізге сала кетейік, «Спортинг» -  «Вильярреал» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляция басталуы 17:55-те. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу