«Астана» Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтті

11.07.2014
«Астана» Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтті

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу ойынында өнер көрсетіп жатқан Астана командасы өз алаңында Армениялық «Пюникті» қабылдады. Алғашқы ойында 1:4 есебімен есе жіберген қонақтар бұл кездесуде де Елордалық командадан басым түсе алмады. «Астана Арена» стадионында өткен матчта алаң иелері ойынды алғашқы минуттардан-ақ шабуылмен бастады.

Қарсыластар қақпасына соғылған алғашқы голдың авторы Бауыржан Жолшиев атанса, екінші таймда Дмитрий Шомко мүмкіндікті мүлт жібермей, өз командасын жеңіске жетеледі. Астана клубы келесі кездесуін «Хапоэль» командасымен өткізеді.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу